Митап 27 тамызда өтті
Cybersecurity & Antifraud Meetup
Киберқауіптерден қорғанысқа дейін: Halyk миллиондаған пайдаланушының қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеді
Митап туралы
Cybersecurity & Antifraud Meetup шарасында Halyk Bank сарапшылары мен шақырылған спикерлер киберқауіптер мен алаяқтықтан цифрлық сервистерді қорғау жүйесінің бүгінгі таңда қалай қалыптасып жатқанын айтып берді.
Митапқа қатысушылар нақты кейстер негізінде киберқауіпсіздік және антифрод командаларының қалай жұмыс істейтінін, заманауи қауіптерді анықтауға қандай тәсілдер көмектесетінін, миллиондаған пайдаланушыны қорғау жолдарын және цифрлық сервистердің қауіпсіздігі мен қолайлылығы арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтауға болатынын білді.

Бұл митап — Halyk Tech Sprints: Level Up жаңа маусымының бір бөлігі. Бұл – тәжірибе алмасуға, индустриядағы нақты кейстер мен үздік тәжірибелерді талқылауға, сондай-ақ цифрлық өнімдер мен финтех-шешімдер саласындағы сараптаманы дамытуға арналған ашық алаң.
Не туралы айтылды?
  • Red Team шабуылдарының осал тұстарды алаяқтардан бұрын анықтауға қалай көмектесетіні туралы

  • Заманауи киберқауіптер және банк сервистерін қорғау тәсілдері туралы

  • Киберқауіпсіздік саласындағы мамандарды дамытуда CTF-турнирлер мен сертификаттардың рөлі туралы

  • Антифрод жүйелерінің алаяқтықпен күресіп, пайдаланушылар үшін сервистің қолайлылығын қалай сақтайтыны туралы

  • Заманауи алаяқтық схемаларды анықтауда AI мен аналитиканың қолданылуы туралы
Спикерлер
Джамиля
Ахметжанова
Red Team Engineer
Игорь
Ким
Red Team Engineer
Магжан
Ашимов
Антифрод жүйелерін қолдау және
дамыту басқармасының басшысы, АҚД
Олжас
Досымбаев
АҚД Аналитика
басқармасының басшысы

Райымбек
Магазов
Киберқауіпсіздік саласының сарапшысы,
Satbayev University аға оқытушысы, докторант
Ұйымдастыру
серіктесі
©Halyk 2026